Меню KDT

Колледж 2018-2019 оқу жылына «Тамақтандыруы ұйымдастыру», «Туризм», «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану»,  «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша талапкерлерді қабылдайды    

Туризм бойынша менеджер

Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжде»МКҚК «Туризм» мамандығы, «Туристік агент» біліктілігі бойынша оқу мерзімі 2 жыл 10ай, 2014 жылы алғашқы түлектері шығарылды. Алғашқы үздіктердің бірі Красикова Карина Эмильевна болды. Барлық пәндердің теориялық және тәжірибелік білімдерін «өте жақсы» және «жақсы» бағасына меңгерді. Оқу барысында Карина оқу өндірістік тәжірибесін «Labean tour» туристік агентігінде сату бөлімінің менеджері жұмысын атқарды. «Labean tour» туристік агентігінің филиалы Қазақстан бойынша Алматы, Талдықорған, Ақтау қалаларында орналасқан.
        Өндірістік тәжірибе кезінде өзін жақсы көрсете білді. Орта арнайы білім дипломын алғаннан кейін  оны сол туристік агенттігі туризм бойынша менеджер лауазымына жұмысқа шақырды. Каринаның негізгі қызметтегі міндеті: турлар жайлы мәліметтер білу үшін туроператорлармен келісім жасайды, турларды анықтайды, туристердің турларға сұранысын табады, туристік құжаттарды рәсімдейді (ваучер, басқа да туристік құжаттар) және құжаттардың дұрыс рәсімделуін қадағалайды, қызметтерді бромдайды және де т.б.



«Тамақтандыруды ұйымдастыру»  мамандығының түлектері

0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 2013 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК Тұяқбаев Сағдат, Айтуар Сабит, Таймагамбетов Марат және Смаилов Шыңғыс бітірді. Оқу кезінде өздерін еңбекқор, тәртіпті, әдепті білімалушы екенін көрсетті. 2011 - 2012 оқу жылында  өндірістік тәжірибесін  қаланың қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында өте бастады.  2012 - 2013 оқу жылында ҚР ПЖК - ның Республикалық мемлекеттік шаруашылығының құқығында «Мемлекеттік дирекцияның резиденциясында» дипломдық тәжірибені өтті. Тәжірибеде біздің білімалушылар қажетті маман екенін көрсетіп және осы мекемеге жұмысқа шақырылды.

Пайдалы сілтемелер