Меню KDT

Колледж 2018-2019 оқу жылына «Тамақтандыруы ұйымдастыру», «Туризм», «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану»,  «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша талапкерлерді қабылдайды    

Практикадағы студенттер

3АТт-115, 3АТт-215 топ студенттері 2017 жылдың 11 қыркүйегінен 19 қазан аралығында практиканы ЖШС «Қамқор», ЖШС «Тойото-центр», ЖШС «Hyandai-центр», ЖШС «Subaru» мекемелерінде өтті. Практика кезінде студенттер автомобилдерге сервистік қызметтерді, кузовтарды жөндеу, жүріс бөліктерін жөндеу, агрегаттарды бөлшектеп-жинау технологиялық жұмыстарын жақсы игере алды. Практиканы қорғау кезінде студенттер презентацияларын, видеофильмдерін көрсете отырып, болашақтағы кәсіптік ісіне байланысты практикалық тәжиребені игере білді.


Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжіне» дуальді оқуту жүйесін енгізу туралы: тәжірибе және шешу жолдары.
 
Әлеуметтік серіктестік оқу мекемелері-колледждердің нарықтық экономика жағдайындағы тіршілік етудің бірден-бір әдісі болып табылады. Жұмыс берушілермен ынтымақтастықта ғана негізгі міндетті болып келетін еңбек нарығын талап етілген мамандармен қамтамасыз етуді іске асыруға болады.
2012 жылдан бастап бұл жүйе бірте-бірте колледждің оқу үрдісіне енгізіліп келеді. Материалдық базамыз нығайтылып, шеберханалар, оқу цехтары мен зертханалар ашылуда. «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 2012-2014 оқу жылдары төрт бөлме оқу-өндірістік цехтарына жаңадан жабдықталып, оқу бар-кафесі ашылып, 2014 жылдың сәуір айынан бастап, колледжде тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша оқу-өндірістік комбинат ашылды. Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері білім беру стандарттарына сәйкес, оқу мекемесінде мамандарды даярлауда дуальді оқыту жүйесін енгізумен айналысады. Оқу цехтары мен шеберханаларына арналған ауданның тар болуына байланысты, 2013 жылы колледж екі 40 тонналы контейнер сатып алып, олардан «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы» мамандығына арналған шеберханалар жабдықталды. Бұл шеберханалар сонымен қатар қажетті технологиялық жабдықтармен жабдықталған. 2013 жылы «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану» мамандығы бойынша лицензия алынып, бірінші курсқа студенттер қабылданды. Астанада біздің колледж осы мамандық бойынша мамандарды даярлайтын жалғыз колледж болып табылады. Осы жылы осы мамандық бойынша оқитын студенттер екінші курсқа өтті. Бірақ өкінішке орай қаражаттандыруға байланысты біз бұл мамандыққа арналған қажетті жабдықтар мен техника сатып ала алмаймыз.
Колледж қызметінің бір бағыты туризм саласы бойынша мамандарды даярлау болып табялады. Өзіміздің мекеме жанында осы мамандық бойынша оқитын білім алушыларға арналған алаңдар құрылған. Бұл мамандық бойынша оқитын студенттер өздерін нағыз мамандар ретінде көрсете алды. Дуальді оқыту жүйесі арқылы жылдан жылға өткізілетін қалалық, аймақтық, республикалық және халықаралық сайыстарға қатысып, колледжде алған кәсіптік білімдері мен тәжірибелік дағдыларын көрсетуде. Сондай-ақ біздің студенттеріміз болашақ Халықаралық көрме «ЭКСПО-2017» нысандарына қажетті мамандыр.
Біздің өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылар әрдайым өздерінің кәсіби шеберліктерін арттыруда. Соңғы екі жылда ӨО шеберлері мен оқытушгылардың 80% әр түрлі біліктілікті арттыру курстарынан және әлеуметтік серіктестіктердің кәсіпорындарында машықтаудан өтті. Колледж жылдан жылға студенттердің қала кәсіпорындарында тәжірибеден өтуге көп назар аударады. Оқытылатын мамандықтар бойынша әлеуметтік серіктестіктермен 45 келісім шарттар жасасты.

«Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы» - «Астана-Моторс» компаниясы, «Астана-Қамқор», АП №1 ТҚС, «Авто-Lend» ТҚС және т.б.;

«Тамақтандыруды ұйымдастыру» - «Алатау» мейрамханасы, «Жеті Қазына» мейрамханасы, «Көркемай» дәмханасы , «Батыр» бала бақшасы, «Астықжан» СО және т.б.;

«Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттау» – «Мұрағат» ММ, «СЭЗ Астана» ЖШС, Golden Red Trade; №51 мектеп-гимназиясы және т.б.

«Туризм» – Жас турист бекеті, «Абай» қонақ үйі, «Эверест», «Отрар Тревел» ЖШС, «Саясат» ЖШС, «Казавиатур»ЖШС, «AkzholTrevelAstana» ЖШС және т.б.

Дуальді оқыту жүйесі арқылы біздің колледж студенттерінің білім алуға құштарлықтары одан да артты.Тәжірибеден өткен кезде студенттер өз мамандықтары бойынша жаңа білім, дағды алып, кәсіптік шеберліктерін арттырады. Тәжірибе қорытындысы бойынша студенттер мадақтамалармен, алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады, сонымен қатар әлеуметтік серіктестіктерден жұмысқа шақыру алады. Диплом алдындағы тәжірибеден өткен кезде 50% дейін студенттер жұмысқа шақыру алады. Әлеуметтік серіктестіктер жетім балаларға, ауқаты төмен отбасының балаларына көмектеседі. Студенттеріміздің болашағы әлеуметтік серіктестермен тығыз қарым қатынаста болуға байланысты, бұл оларды жұмыспен қамтамасыздандыру және білім беруде дуальді оқыту жүйесін енгізудің кепілі.

Пайдалы сілтемелер