Меню KDT

Колледж миссиясы:  WorldSkills әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы қызмет көрсетуге қабілетті мамандарды даярлаудың озық үлгісін құру, білім беру қызметтері нарығындағы көшбасшылар мен инноваторлар болу.    

Күнтізбе

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.Қазақ елінің тәуелсіздігі мен дербестігін, егемендігін бүкіл әлемге паш ететін рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Әнұраны. Мемлекетіміздің мызғымас негіздерінің бірі саналатын бұл құнды белгілерімізбен халқымыздың сан ғасырлық арман-тілегі, мұқалмас рухы мен қаһармандығы астасып жатыр.
Осы құндылықтарымыз жайында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әр азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы - осы», - деген.


Просмотров: 23

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь



Пайдалы сілтемелер