Меню KDT

Колледж миссиясы:  WorldSkills әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы қызмет көрсетуге қабілетті мамандарды даярлаудың озық үлгісін құру, білім беру қызметтері нарығындағы көшбасшылар мен инноваторлар болу.    

Күнтізбе

Жаңалықтар

«ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Білім беруді жаңғырту орталығының қолдауымен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының қатысуымен «Туризм менеджменті және қонақ үй шаруашылығы» кластерінің аясында  2020 жылдың 31 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Көпбейінді колледжі «ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. 

       Бұл шара үш секциядан, яғни бірінші, «Қазақстан Республикасының  ішкі туризмді дамытудың экологиялық аспектілері», екінші «Мәдени мұра және оны  туризмде пайдалану» және үшінші  «Қазақстан Республикасында ішкі туризм, қонақжайылық және қызмет көрсету  саласындағы инновациялық тәсілдер мен технологиялары» тақырыптары бойынша өткізіліп, Республиканың әр аймағынан және қалалық кәсіптік техникалық білім ордаларынан   атаулы тақырыптар бойынша  48 студенттер мен оқытушылар қатысты. 

      Семинардың салтанатты түрде ашылу рәсімінде сөз алған колледж директоры Ташенов Серік Балтыханұлы мен Ақмола облыстық туризм ассоциациясының төрағасы Батырханов Шынарбек Беркутбайұлы: «Бүгінде әлемдік тәжірибеде табыс көзі жағынан туризм – мұнай мен газдан кейінгі орынды иемденеді. Туризм – кез-келген елдің экономикасында үш тиімді ықпалмен әсер етеді. Олар –валюта ағынын көбейтеді, тұрғындарды еңбекпен қамтиды, мемлекет инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, экологиялық мәселелердің де шешімін табады. Ішкі туризмнің дамуына ықпал ету- мемлекетіміздің өркендеуінің кепілі»,-  деп ақпарат бере отырып, семинардың маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталып өтті. Сонымен қатар халықаралық деңгейде жалғасын табуына тілектес болды. Конференцияның қорытынды бөлімі музыкалық шарамен байланыстырылып,  Ұлы Абай Құнанбаевтың  175 жылдық мерейтойымен орайлас келуі – қазақ елінің туризм саласының дамуына да ықпал ететін фактор екенін атап өтті. 

    «Қазақстан Республикасында ішкі туризм, қонақжайылық және қызмет көрсету  саласындағы инновациялық тәсілдер мен технологиялары» секциясының қорытындысы бойынша жүлделі І орын – Политехникалық колледж оқытушысы В.Г.Середа, ІІ орынКөпбейінді колледжінің оқытушысы А.Т.Узбайрова, ІІІ орынды КЭТСПП оқытушысы К.А.Жакхина иеленіп,  марапаттау құқығы Ақмола облыстық туризм ассоциациясының төрағасы Батырханов Шынарбек Беркутбаевичқа табысталды.  

     «Мәдени мұра және оны  туризмде пайдалану» тақырыбы бойынша жүлделі І орын – КЭТСПП студенті О.Қарақұл, ІІ орын – START UPА « Шығыс байлықтары» тақырыбында Қаржы Академиясының  студенттері А.Қадырғазы, Н.Овцянников, ІІІ орын- Политехникалық колледждің студенті Т.Муратова жеңіске жетіп, қатысушыларды марапаттау құқығы «Гермес тур» турфирмасының  директоры Илькеева Сауле Кажмухамбетовна мен Нұр-Сұлтан қаласының «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасының сарапшы маманы Бейсенбай Динараға берілді.

      «Қазақстан Республикасының ішкі туризмді дамытудың экологиялық аспектілері» секциясы бойынша  І орын Көпбейінді колледж студенті А.Разбан, ІІ орын – Политехникалық колледж студенттері А.Габдулина, Д.Альтаева, С.Ефимов, ІІІ орын – Политехникалық колледждің студенті С.Родиченко иеленіп, марапаттау рәсімі Қазақ технология және бизнес университетінің  деканы Сакенов Нурлан Амангельдинович табыстады. 

         Шараға қатысқандар арнайы Сертификаттар мен Алғыс хаттармен марапатталды.

Просмотров: 118

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь



Пайдалы сілтемелер