Меню KDT

Колледж миссиясы:  WorldSkills әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы қызмет көрсетуге қабілетті мамандарды даярлаудың озық үлгісін құру, білім беру қызметтері нарығындағы көшбасшылар мен инноваторлар болу.    

Күнтізбе

Жаңалықтар

«Мамандық шеруі» байқауы

2020 жылдың 17 қаңтар күні «Зейд» Демалыс орталығында әлеуметтік серіктес базасында «Туризм және қонақ үй бизнесіндегі менеджмент» кластерінің  жоспарын жүзеге асыру аясында  «Мамандық шеруі» конкурсы өткізілді. 

Мақсаты: «Туризм және қонақ үй бизнесіндегі менеджмент» кластері бойынша   мамандықтың беделін арттыру, студенттердің шығармашылық тұлғасын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру», «Туризм» мамандықтары бойынша жұмысты ұйымдастырудың заманауи нысандар  мен әдістерді іздеу;
  • Студенттердің ұйымдастырушылық, инновациялық қызметіндегі қабілеттері мен мүмкіндіктерін анықтау;
  • Студенттік топтарда өзін-өзі басқаруды дамыту.

Конкурска қаланың Техникалық және кәсіптік білім берудің «Туризм және қонақ үй бизнесіндегі менеджмент» кластерінің  құрамындағы келесі колледждердің командалары  қатысты:

  1. «Тұран» колледжі
  2. МКҚК «Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі»
  3. МКҚК «Көпсалалы» колледжі
  4. ЖШС «Басқару» колледжі

Конкурс алдын ала дайындалған сценариямен екі тілде (қазақ, орыс) жүргізілді. Проектор, музыкалық аппараттар қосылып, слайд көрсетілді, музыкамен қамтамасыз етілді.

Конкурс екі турдан тұрды:

I тур: «Менің арманымдағы кәсіп» (мамандықтың бейнесін жасау; мамандықтың әні немесе әнұраны)

II тур: «Болашақтың кәсібі: ғылыми фантастика шегінде» (кәсіби бағдар, бейнероликтер, анимациялық фильм, эскиз және т.б.)

Нәтижесінде МКҚК «Көпсалалы» колледжі І Дәрежелі дипломмен,   МКҚК «Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау» колледжі ІІ Дәрежелі дипломмен, «Тұран» колледжі ІІІ Дәрежелі дипломмен және ЖШС «Басқару» колледжі «Шығармашылық даралығы» үшін номинациясымен марапатталды.

     «Тұран» колледжінің, МКҚК «Көпсалалы» колледжінің, ЖШС «Басқару» колледжінің директорларына конкурсты өткізуге қосқан нәтижелі жұмыстары  үшін Алғыс хат табысталды.

Нұр-Сұлтан қ. Кәсіпкерлер палатасының  адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Рахметова Айнұр Ерқалдиевна командалардың лидерлеріне «100 жоба» кітабын табыстады.

Конкурс өз алдына қойған мақсатын орындады.

Просмотров: 76

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь



Пайдалы сілтемелер