Меню KDT

Колледж миссиясы:  WorldSkills әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы қызмет көрсетуге қабілетті мамандарды даярлаудың озық үлгісін құру, білім беру қызметтері нарығындағы көшбасшылар мен инноваторлар болу.    

Күнтізбе

Жаңалықтар

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК

2020 жылдың қаңтар айының 21 жұлдызында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімінің онкүндігінің ашылу салтанаты атап өтілді. Онкүндіктің мақсаты кәсіптің беделін арттыра отырып, шығармашыл және болашағы кемел білім алушыларды айқындау болып қала бермек.

 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының онкүндігі аясында, арнайы пәндер оқытушысы Оразалина Б.М. және Ахметова Г.А. ұйымдастыруымен, студенттер арасында «Ең үздік аспаз» сыныптан тыс іс-шара сайысы өткізілді.

Байқау мына кезеңдерден тұрды: «Бисквит тортын безеңдіру», «Тіл өнері», «Тоқаш түрлерін дайындау», «Салат жасау сайысы», «Жанкүйерлер уақыты». Қатысушылар арнайы пән бойынша жақсы білімдерін және практикалық дағдыларын көрсетті. Сайыс қорытындысында жеңімпаздар анықталып дипломдармен және жүлделермен марапатталды.

Іс-шара барысында көрермендер арасында түрлі кәсіптік ойындар ойнатылып, қызықты ақпараттар ұсынылды.

Іс-шараға қатысушылар мен қонақтар жақсы көңіл-күйге бөленді.

Просмотров: 107

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь



Пайдалы сілтемелер