Меню KDT

Колледж миссиясы:  WorldSkills әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы қызмет көрсетуге қабілетті мамандарды даярлаудың озық үлгісін құру, білім беру қызметтері нарығындағы көшбасшылар мен инноваторлар болу.    

Күнтізбе

Жаңалықтар

Үздік оқытушы

Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық  мектеп, колледждің дене тәрбиесі мұғалімдері арасында қалалық «Үздік ұстаз» байқауы өтті. Бұл байқау үш тур және бірнеше этаптан болғандықтан, нағыз кәсіби деңгейдегі білімі мен біліктілігн жаңашылдықпен байланыстыра отырып өткізілді. Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік демекші, қаланың барлық білім мекемелерінен қатысқан  ақтық соңғы сайыста бес мекеменің мұғалімдері өзара сайысқа түсіп, «Үздік ұстаз» байқауының жүлделі екінші орынын біздің Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжінен дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Ерлан Жаңбырбайұлы Мырзатаев иеленіп, Арнайы ІІ Дәрежелі Диплом және шаңсорғыш сыйлығымен марапатталды. Байқау барысында оқытушы өз мамандығы бойынша кәсіби біліктілік деңгейін заманауи тұрғыдан шығармашылықпен байланыстыра отырып ашық сабақ өткізді және студенттермен, әріптестермен спортты насихаттау барысын түрлі жаңашыл әдіс-тәсілдерге толы әдістемелік біліктілігін көрсете білді. Ерлан Жаңбырбайұлына шығармашылық биіктер мен толағай табыстар тілей отырып, әріптестер атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Просмотров: 105

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь



Пайдалы сілтемелер