Меню KDT

Колледж миссиясы:  WorldSkills әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы қызмет көрсетуге қабілетті мамандарды даярлаудың озық үлгісін құру, білім беру қызметтері нарығындағы көшбасшылар мен инноваторлар болу.    

Күнтізбе

Жаңалықтар

Мен сенемін жастарға

20 қазан мен 20 желтоқсан аралығында бірнеше кезеңнен тұратын Қазақстан Республикасының «Білім-Өркениеті» Ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Жастар жылы аясында қолға алынған республикалық жоба «Мен жастарға сенемін»атты жас ақындар мүшәйрасы мен «Білімді ұрпақ –жарқын болашақ кепілі»атты эссе байқауы өтті. Бұл байқау барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжінен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы А.Б.Нұрқасымованың жетекшілік етуімен бірнеше студенттер қатысып, өздерінің шығармашылық талабы мен дарынын көрсете отырып, бірнеше кезеңнен сүрінбей өтіп, ақтық сайыста жүлделі орындарға ие болды.

 Жас ақындар мүшәйрасынан 2 ОПп-218 тобының студенті Абдықайыр Ырыс жүлделі бірінші орынға ие болып, І Дәрежелі Дипломмен және арнайы «Ұлы дала қыраны» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, 1ОПп-419 тобының студенті Әсет Ұлбала мүшәйра және эссе байқауынада өз шығармашылығымен екі ІІІ Дәрежелі Дипломмен мадақталса, 1ОПп-218 тобының студенті Мәден Аружан І Дәрежелі Дипломмен марапатталды.Қазақстанның түпкір-түпкірінен кліп қатысқан сайыскерлердің ішінен оза шауып, бәйгелі орынды иемденген студенттерімізге толағай табыстар мен жеңісті шығармашылық тілейміз!

Просмотров: 91

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь



Пайдалы сілтемелер