Меню KDT

Колледж 2018-2019 оқу жылына «Тамақтандыруы ұйымдастыру», «Туризм», «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану»,  «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша талапкерлерді қабылдайды    

Жаңалықтар

Астана қаласының кәсіптік-техникалық білім беру оқу орындарының студенттері арасында «Жігіт сұлтаны-2018» сайысы өтті

 

2018 жылдың 24-27 мамыр аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының  студенттері арасында «Жігіт сұлтаны-2018» байқауы  өтті.

Бұл шара «Рухани жаңғыру» бағдарламаны іске асыру шеңберінде, студенттердің азаматтық және адамгершілік жеке қасиеттерін дамыту, танымдық және шығармашылық әлеуетін арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау мақсатында өткізілді.

Байқауды ұйымдастыру және өткізуде Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері және колледж оқытушылары Хасенова А.Б., Мурзагалиев Е.Ж. және т. б. белсенді қатысты.

Қазылар алқасының мүшелері ретінде шақырылды: Астана қаласы білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Егеубаева Ж. Б., Астана қаласының жастар Мәслихатының жетекшісі Әбдіманат Е. Ә, дзюдо бойынша ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Қонысбаев Ж.А., ақын, жазушы, халықаралық академиялық поэзиясының академигі, халықаралық жазушылар одағының мүшесі Бейілхан Е.

Гран-при иегері және «Жігіт сұлтаны-2018» атағына ие болған байқаудың  жеңімпазы Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК студенті Табысбек Ермұрат. Бірінші орынды Гуманитарлық колледжінің студенті Айтмағамбетов Алдияр, екінші орынды Политехникалық колледжінің студенті Ғазизов Рустам, ал, үшінші орынды Индустриялық-инженерлік-экономикалық колледжінің студенті Бөгенбай Заманбек иеленді.

Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, Астана қаласы Білім басқармасы атынан алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Колледж директоры төрт жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар және барлық қатысушыларға тегін айлық бассейнге сертификат табыстады.


 


Просмотров: 106

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь



Пайдалы сілтемелер