Меню KDT

Колледж 2018-2019 оқу жылына «Тамақтандыруы ұйымдастыру», «Туризм», «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану»,  «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша талапкерлерді қабылдайды    

Жаңалықтар

Куратор сағаты «Ұрпақтары ұмытпайды ерліктерін»

05.05.2018ж- «Ұрпақтары ұмытпайды ерліктерін» атты колледж кітапханасында  9 мамыр- Жеңіс күніне арналған  куратор сағаты өткізілді.  Куратор сағатының мақсаты - 1941-1945жж сұрапыл соғыста ата-бабаларымыздың айтылмас ерліктерін жас ұрпаққа  насихаттау және оларды патриоттық жолында тәрбиелеу.

Куратор сағаты видероликпен ашылды, бірінші сөз колледждың мүғалімі Усманова Г.К жеңіс туралы қысқаша мағлумат берді, кітапханашы Мерекенова Н.Ж  кітап қөрмесінде қойылған кітаптар  Б.Момышұлының «Генерал Панфилов»,Қ.Қайсеновтың «Елімнің ертеңіне сенемін»,Б.Далабаевтың «Қазақстандықтар Сталинград шайқасында» атты кітаптарға  және  «Ақмола өңірінің батырларына тағзым!»  альбомында  Рақымжан Қошқарбаев, Талғат Бигельдинов,Сағадат Нүрмағамбетов  туралы ақпарат берді. «Әлия» әні орындалған соң  кітапханашы Әлия Молдагулова мен  Маншук Маметова   туралы әңгімеледі және Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» поэмасынан үзінді оқып берді. 1ОПм -217 тобының студенттері –Сембай Гаухар мен Ахметова Камила,  Жеңіс күніне арналған  өлең оқыды. Кітапханашы Мерекенова Н.Ж өзінің әкесі , соғыс ардагерінің ордендары мен медальдарын студенттерге көрсетіп, әңгімелеп  берді.Соңында слайд көрсетіліп онда жазылған ақпарат оқылды. Куратор сағатына студенттер қызығушылықпен қарап белсенділік білдірді.

Просмотров: 160

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь



Пайдалы сілтемелер