Меню KDT

Колледж 2018-2019 оқу жылына «Тамақтандыруы ұйымдастыру», «Туризм», «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану»,  «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша талапкерлерді қабылдайды    

Жаңалықтар

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу біріңғай сағаты»

Астана қаласы  білім беру ошағының  бірі «Көпбейінді колледжі»  қабырғасында   2017 жылы 29  қараша   күні жоспарлы  түрде  колледж  3 курс студенттері мен  инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің  қатысуымен   “Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың  бірыңғай сағаты” атты іс-шарасы өткізілді.   
Іс-шараның негізгі мақсаты:  Жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне деген жағымсыз көз қарастарын қалыптастыру жәнеде мемлекетіміз   осы  бір    жаһандану  заманында көркейіп, өркениетті  әрі  жоғары  сатыда  дамуы  үшін елімізге  сауатты да білімді, қоғамымызда құқық-бұзушылықтар  мен  қылмысқа  төзбейтін  Отан  сүйгіш  азаматтарын тәрбиелеу болып табылады.
Іс-шара барысында «Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Жастар қауымына белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу, біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деп колледж директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақытгүл Қазыбекқызы студенттерге және оқытушыларға сыбайлас жемқорлықпен күрестi күшейту қажеттiлiгі туралы айтып кетті.
                     
 Бақытгүл Қазыбекқызы  "Жемқорлыққа жол бермейміз" тақырыбындағы баяндамасын оқып, сыбайластықпен күресті өз құзыреттері шегінде барлық студенттер жүргізуге міндетті екендігін атап өтті.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлескен ұйымдастыру жоспары бойынша өткізіліп отыр.
Кездесу  барысында  студенттер өздерінің тараптарынан сыбайлас  жемқорлыққа  байланысты көптеген өзекті сұрақтарын қойып, оларға толықта, мағыналы   жауаптар алды. Студенттерге зор  денсаулық, оқуда алда  болып, Отанымызға  адал  қызмет  атқаратын  сауатты маман-азаматтары  болуларын  тіледі. Жалпы осындай  кездесулерді  оқу  орындарында  жиі-жиі  өткізіп отыру,  бүгінгі таңда    кезек  күттірмейтін  өзекті  мәселе.
 


Просмотров: 284

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь



Пайдалы сілтемелер