Меню KDT

Колледж 2018-2019 оқу жылына «Тамақтандыруы ұйымдастыру», «Туризм», «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану»,  «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша талапкерлерді қабылдайды    

Жаңалықтар

«Қызық екен ...»

Қарашаның 21-ші жұлдызында жаратылыстану-математикалық пәндері апталығының аясында студенттер арасында колледжішілік «Қызық екен...» викториналық ойын сайыс түрінде өткізілді.

Колледжішілік «Қызық екен...» викториналық ойыны Қазақстан ұлттық телеарнасында ойнатылатын «Қызық екен...» ойын-сауықтық бағдарламасының ережелеріне сүйене жасалынды.

Ойынның басты мақсаты - студенттердің логикалық ойлау қабілетін, дұрыс сөйлеу мәнері мен көпшілік алдында өзін ұстау дағдысын қалыптастыру болатын.

Ойын үш адамнан құралған екі топ арасында өткізілді. Ойын ережесінде әр топ берілген сұраққа жауап беру арқылы ұпайға ие болады. Залда ойыншыларды қолдап келген жанкүйерлер  болды. Ойын барысында екі  топқа 12 тақырып бойынша сұрақ қойылды.

Осындай ережемен ойнатылған ойын негізінде «Механиктер» тобы жинаған ұпай санының басымдылығымен жеңіске жетті. Ойын тек ойыншыларға ғана емес, залдағы жанкүйерлерге де қызықты болды.



Просмотров: 487

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь



Пайдалы сілтемелер