Меню KDT

Колледж 2018-2019 оқу жылына «Тамақтандыруы ұйымдастыру», «Туризм», «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану»,  «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша талапкерлерді қабылдайды    

Жаңалықтар

Халықаралық жоба бастама алды

2016 жылдың 13 қарашадан 18 қараша аралығында Халықаралық серіктестік жоба аясында дағдыны дамыту бойынша Қазақстан делегациясы Лонданға оқу сапарына шықты. Делегация құрамында «Атамекен» ҚР ҰКП  және Астана қаласының колледждері: «Көпбейінді колледжі» МКҚК және «Кәсіби-техникалық колледж» КММ.
Серіктестіктің негізгі мақсаты кәсіби кадрларды даярлауда колледждер арасында халықаралық ынтымастық және кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету бойынша оқу жоспарын зерттеу арқылы тәжірибе алмасу, кәсіпкерлікті жүргізу, жұмыс берушілермен ынтымастық формасы, жұмыссыздармен жұмыс атқару.
Осы жобада колледж алдына келесі міндеттер қойылды:
  • Қонақ үй шаруашылығы мамандарын даярлау бойынша Вестминстер және КБК колледждері арасында ынтымастықтың тәжірибелік шараларын зерттеу;
  • Вестминстер колледжінің жұмыс берушілерді презентациялар, теледидар және БАҚ арқылы тарту тәжірибесімен танысу, басты қызметкерлермен байланыста болу және оларды Дүниежүзілік кәсіпкерлер апталығы шараларына қатыстыру.
  • Ұлыбританияда білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәжірибені зерттеу;
  • Британдық колледждердің Оқушылық мектебін еңгізу бойынша тәжірибесін зерттеу.
Жобаны іске асыру нәтижесінде жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне жауап беретін еңбек нарығында сұранысқа ие құзыретті мамандарды шығару күтілуде. Бұдан басқа, осы жоба болашақ түлектердің қонақ үй шаруашылығы және тамақтандыруды ұйымдастыру саласы бойынша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ, "әлеуметтік серіктестердің" кәсіпорындарының  мәртебесін арттырады.
Әлеуметтік серіктестіктермен сәтті қарым-қатынас орнату көптеген мәселелерді шешуге жәрдем етеді:
-түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету;
-оларды даярлау сапасын қадағалау;
-қонақ үй шаруашылығы мен тамақтандыруды ұйымдастыру секторына мамандардың қажеттілігін болжау;
-заманауи өндіріс талаптарына сәйкес оқу бағдарлама мазмұның жүзеге асырылуы;
- оқу орнында материалдық-техникалық базаны нығайту.
Таңдалған қызметте жеке деңгейде жоба білім алушылардың білімін және дағдысын дамытуға мүмкіндік береді. Жоба оқытушылардың кәсіби дамуына мүмкіндік береді, әсіресе халықаралық ынтымастық және оқыту әдістемесі тарапынан.
Халықаралық жобаға қатысу Қазақстанда және Астанада колледждің оң имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ кәсіби-техникалық білім берудің  тартымдылығын арттырады.
Қазақстандық Делегация Лондондағы Вестминстер колледжіне барып қайтты. Бұл мемлекет қаржыландыратын ірі колледж. Колледж халықаралық ынтымақтастыққа белсенді қатысады және кәсіби білім беру реформасы бойынша ұлттық бағдарламаларды қолдаудағы тәжірибесі мол.    
Колледждің жақсы материалдық-техникалық базасы бар және өнеркәсіп салаларының кең спектрі бойынша кәсіби даярлаудың жоғары сапасын   ұсыну тарихымен танымал. Колледжге 100 жыл. Онда 16000 астам студент оқиды. Колледжде оқытудан бөлек қонақ үй шаруашылығы, тамақтандыруды ұйымдастыру және мейрамхана ісі бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлаудың әр түрлі курстары ұйымдастырылуда. 
Лондонда қонақ үй курстары көп. Өндірісте төрт және бір күн оқитын курстарда да бар.  
Колледжде бірінші орынға тәртіп қойылған. Жыл сайын бірінші курстан бастап 4 апта бойы каладағы кәсіпорындарда өз тәжірибелерін өтеді, ал қалған уақытта  колледждің зертханалық және оқу-өндірістік шеберханаларында өтеді. Бүкіл оқу кезеңінде әрбір студенттің өзінің жеке жоспары болады. Кәсіби дағдылардан басқа олар бизнес дағдыларын да меңгереді. Оқыту келесідей құрылған, кемінде айына бір рет дәріскер бизнес бойынша дәріс оқиды. Колледждің бизнес бастаушыларға  шағын алаңдар ұсынатын мүмкіндігі бар (2-3 адам).
Ұлыбритания сапары Дүниежүзілік кәсіпкерлік аптасымен және Вестминстер колледжінде осы апталықты мерекелеу шараларымен сай келді.    Фестиваль аясында әр түрлі шараларға қатыстып, жұмыс берушілер және студенттермен кездесу мүмкіндігіне ие болдық.  Осы күндері жұмыс берушілер колледжге келіп іскерлік тәжірибелерімен бөлісті. Студенттер бірніші мамандықтар бойынша өздерінің презентацияларын ұсынып, жұмыс берушілерден құралған комиссия алдында қорғады. Оқу бағдарламасын орындаумен қатар колледждің қызметі студенттерді кәсіпкерліктің негізін оқытуға бағытталған. Әр түлек өз кәсібін ашатындай «кәсіпкер» болуы керек.
Сонымен қатар, күйзеліске төзімді тұлға тәрбиелеуге көп көңіл бөлінеді, себебі  күйзеліске тұрақтылық - бұл студенттердің оқыту қызметіне оң қарым-қатынасты дамыту факторларының бірі болып табылады.
Колледж «Оқушылық» мемелекеттік бағдарламасы аясында даярлайды. «Оқушылық» бағдарламасы 2010 жылдан бастап жұмыс істейді, осы ретте, білім алушы кәсіпорынның қызметкері болып табылады, колледжге аптасында 1-2 рет барады. Бағдарлама мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Бағдарламаға қатысушы ірі бизнес үшін  мамандарды дайындауды ынталандыруға негізделген салық салудың икемді жүйесі сияқты жеңілдіктер көзделген. Тәлімгерлік өте жақсы дамыған.
Соңғы 10 жылда оқыту әдістемесі өзгерді. Негізгі мақсаты – көбірек практикалық тәжірибе беру. Қонақ үй ісі бойынша оқу жоспары келесідей жасалған, олар 40% тәжірибе және 60% теория өтеді. Студенттің жылдық жүктемесі 700 сағат.  
Лондондағы Вестминстер колледжімен танысу мүмкіндігін бергені үшін Британдық Кеңесіне және «Атамекен» ҰКП өз алғысымызды білдіреміз. Вестминстер колледжінің халықаралық жоба қызметкерлерінің қонақжайлылығына, мәдени бағдарламаларына, сондай-ақ Лондан бойынша ұйымдастырған экскурсия үшін алғысымызды білдіреміз.


Просмотров: 341

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь



Пайдалы сілтемелер