Меню KDT

Колледж 2018-2019 оқу жылына «Тамақтандыруы ұйымдастыру», «Туризм», «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану»,  «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша талапкерлерді қабылдайды    

Кітап көрмесі:  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» (11.01.2018 ж.)

Осы тақырыппен колледж кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауына арналады.
«Біз тәуелсіз Қазақстанды құрдық, 2017 жылы еліміз әлемдік дағдарыстың қолайсыз салдарын еңсеріп, сенімді өсу жолына қайта түстік» -деді Президентіміз  және бірнеше міндеттерді белгіледі.  Олардың ішінде,  «Индустрияландыру жаңа технологияларды еңгізудің көшбасшысына  айналуы тиіс», «Адами капитал –жаңғыру негізі»-білім берудің жаңа сапасы, «Үздік денсаулық сақтау  ісі және дені сау ұлт».
Көрменің мақсаты: Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек, «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында.Өзінің тарихын,тілін,мәдениетін білетін,шет тілдерін меңгерген қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс.

Кітап көрмесі: «Менің мамандығым - аспазшы»

«Менің мамандығым - аспазшы» тақырыппен колледж кітапханасы  кітап көрмесін ұйымдастырды.  Бұл шара «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының онкүндігіне арналды.
Көрмеге қойылған әдебиеттер аспазшы, бармен, официант, кондитер мамандықтарға арналған, мысалы Г.Бесімбаева «Аспаздық», «Бармен анықтамалығы», альбом «Қазақтың дарқан дастарқаны», А.А.Анфимованың  «Кулинария», «Бармен-официант», Б.А.Барановскийдың «Повар» кітабы, тағы басқада басылымдар көрсетілген.
Көрменің мақсаты- тамақтандыру маманы бойынша білім алып жүрген студенттерге колледж кітапханасындағы оқу құралдарын насихаттау, кітапқа қызығушылықты арттыру  және оқуға деген  ынталарын көтеру.

 

Кітап көрмесі:  «Елі сүйген - ЕЛБАСЫ»

22 қарашадан бастап, колледж кітапханасында көрме ұйымдастырылды, көрме Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған.
Қойылған кітаптар Президентіміздің өмірбаяны, саясаты және дүниежүзінің белгілі адамдарының ол кісі туралы пікірлері жазылған мәліметтер бар. Мысалы: Н.Назарбаев «Қазақстан жолы», «ХХ1 ғасыр: әлем саясаткерлері, руханият жетекшілері, зияткерлері мен кәсіпшілері Н.Ә.Назарбаев туралы», «Наш Президент», «Первый Президент Республики Казахстан и формирование правового государства», «Жылдар мен ойлар» т.б. кітаптар жиналған.
Кітап көрмесінің мақсаты – студенттерге, жалпы оқырмандарға Тәуелсіз еліміздің көркеюіне, алдыңғы қатарда болуына өз үлесін қосып жүрген Президентіміздің жеке тұлғасын  көрсету.


 Кітап көрмесі:  «Тіл- тәуелсіз елдің тұтқасы»

2016 жылдың  19 -29 қыркүйектен бастап колледжде Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне орай  Тілдер онкүндігі өтті.  Осы іс – шараға колледж кітапханасы көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қойылған кітаптар мен ақпараттық басылымдардың тақырыбы қазақ тіліне қатысты. Олардың ішінде: «Қазақстан Республикасының тіл туралы негізгі актілері», «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Қазақстан-2030», мемлекет қайраткерлерінің, көрнекті ақын –жазушыларың қазақ тілі туралы ой-пікірлері жинакталған, мысалы Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар», «Тарих толқынында», «Языки народов Казахстана» социолингвистикалық анықтамалық, «Сөз атасы» мақал-мәтелдер, т.б материалдар бар.


Библиографиялық  шолу «Словари русского языка
»

Колледж кітапханасы 2016жылғы 20 қыркүйекте өткен  «Собирал человек слова...» атты лингвистикалық кешке қатысып, «Словари русского языка» атты  кітап көрмесін ұйымдастырып, оларға библиографиялық шолу өткізді. Шолу өткізу мақсаты: студенттерге кітапты, оның ішінде сөздіктер мен анықтамалықтарды насихаттау. Библиографиялық шолу барысында кітапханашы жеке сөздіктерге тоқталып, мысалы «Словарь антонимов русского языка» М.Р.Львова, «Орфографический словарь русского языка. Одно или два «н»» И.К.Сазоновой, «Словарь русских фамилий»В.А.Никонова, «Новое в русской лексике. Словарные материалы» және  олар қандай типтер мен түрлерге бөлінетінін айтып берді. Студенттер сұрақтарына толық жауап алды.

Кітап көрмесі: «Махамбет Өтемісұлы /1804-1846ж.ж/»

Тілдер декадасына байланысты 23.09.2016 ж.  өткен  «Тәуелсіздікті ту еткен  тарлан ақын – Махамбет Өтемісұлы» атты ашық сабағына кітапхана өз үлесін  кітап көрмесімен көрсетті. Көрмеде  тарихи тұлғалардың бірі ақын, батыр, көсем, жырау  Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны, өлеңдері қойылған, мысалы «Тарихи тұлғалар», «Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық», «Дала даналары», «Түңғыштар» т.б. танымдық еңбектер. Махамбет – қазақ әдебиетінің уакыт белеңіндегі, Абайдан кейінгі тұрар ақыны. Көрме мақсаты – сабаққа көмек материал және студенттерге ұлт тарихын білу ретінде көрсетілген.

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»

30 қараша 2015жылы Қазақстан Республикасының Президенті өзінің кезекті жолдауын  Қазақстан халкына  ұсынды. «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім,  реформалар, даму» атты жолдауында  жаңа әлеуметтік саясаттың 5 бағыты, жаһандық дағдарыс жағдайындағы 10 сенсация, әрбір қазақстандықтар үшін маңызды 35 факт көрсетілген. Осы жолдауға байланысты кітапханада кең көлемде көрме ұйымдастырылды.

«Тәуелсіз елім - нұрлы елім»

2016 жылдың қаңтар айынан бастап,  колледж  кітапханасында   «Тәуелсіз елім - нұрлы елім» атты  кітап көрмесі оқырмандардың назарына ұсынылып отыр. Көрме  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған. Көрмеге  қойылған  кітаптардың ішінде тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан тарихына арналған көптеген шығармалар бар: олар «Қазақстан жолы», «Жылдар мен ойлар», «Болашаққа жол тартқан Қазақстан» т.б. Кітап көрмесі студенттерді Отанын сүюге, адамгершілікке, патриоттық тәрбие беруге
маңызы зор.







Колледж кітапханасы – ақпарат орталығы

 

ХХІ ғасыр –руханият, мәдениет, ақпарат ғасыры.Студенттердің талаппен сұранысын қанағаттандыруды күннен-күнге жақсарта беру –уақыт талабы,біздің кітапхана осы мәселелерді орындауда жұмыс атқаруда.
Кітапхана студенттерді оқулықтармен толық қамтамасыз етеді және күнделікті оқу – тәрбие үрдесінде жетілдірген ақпаратармен (интернет арқылы) мағлумат беруге мүмкіндігі бар. Кітапхана жұмысына инновациялық технологияларды енгізу біздің мақсатымыз, мысалы электрондық каталогты сатып алу. Ұстаздарға арналған әдістемелік,ғылыми танымдық оқулықтар кітапхана қорына жиі түсіп тұрады.
Колледжде өткізілетін мәдени іс-шараларды өткізуге кітапхана көмек көрсетеді (көрмелер, әдебиеттер мен іріктелген материалдар, ақпарат тізімін жасау, бюллетеньдер).
Кітапханада тұрақты «Қазақстан 2050 - Мәңгілік ел», «Басылымдар әлемі», «Есірткісіз болашақ», «Құқық негіздері» т.б көрмелер ұйымдастырылған. Күнделікті Казакстан баспалары шығаратын газеттер мен журналдар оқырмандарға ұсынылады. Казіргі уақытта оқырмандарымыздың саны 615 және де бұл сан жылдан жылға артуда. Оқу жылы басында оқулықтар таратылып,студенттердің әлеуметтік –тұрмыстық жағдайы ескертіледі.Бүгінде колледж кітапханасы бұл жумыстармен шектелмейді.
Сондықтан да біздің кітапханамыз білімнің бастауы - кітап дей отырып, жаңалықтың жаршысы, елімізде болып жатқан шаралардың насихатшысымыз деп білеміз.

алға >>
<< артқа

Пайдалы сілтемелер