Меню KDT

Колледж 2018-2019 оқу жылына «Тамақтандыруы ұйымдастыру», «Туризм», «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану»,  «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша талапкерлерді қабылдайды    



Құрметті студенттер, ата-аналар, әріптестер!


Тәуелсіздік – бұл бостандық, күш, молшылық және рухани байлық. Әріптестеріме, студенттерге және олардың ата-аналарына  шын жүректен зор денсаулық, бақыт, игілік және алдағы жұмыстарынызда тек шығармашылық табыс пен жаңа жобалар мен идеялардың жүзеге асырылуын тілеймін!


Құрметті студенттер, ата-аналар, әріптестер!

 

Бүгін астананың он мыңдаған оқушылары үшін айрықша және мерекелік күн. Бұл Білім күні, бірінші қоңырау күні, бірінші сынып оқушылары үшін алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған және он бірінші сынып оқушылары үшін соңғы рет «Бірінші қыркүйек қоңырау Күні».
Бұл біздің қаламыздың орта және жоғары білім беру оқу мекемелерінің мыңдаған студенттері үшін де айрықша күн. Сендер олардың қатарындасыңдар. Менің ойымша, сендер бізге келердің алдында жақсылап ойланған боларсыңдар: күшіме сай ма, таңдауым дұрыс па? Біздің колледжге ұнаған мамандықты таңдап түсуге ұйғарсаңдар, онда бастаңдар, адал жүрекпен, мықты жігермен  ғылым мен білім жолына түсіңдер. Ал білім мекемемізде оқып жүргендерге мен С.П.Королевтың сөздерін жолдаймын «Кімнің оқығысы келеді, оны қалай жүзеге асыруды іздейді, кімнің оқығысы келмейді – сылтау іздейді».
Сендер өздеріңе бірінші сыйлық жасап, студент болдыңдар. Біз сендерге маман болуға сыйлық жасап, ал бірге біз ең басты сыйлығымызды жасап, Адам болып, өз мемлекетіміздің  нағыз азаматы болуымыз керек.  
Баршаларыңызды шын жүректен осы керемет мерекемен құттықтаймын. Сіздерге ашық жол, ойлаған арман мен мақсаттарыңыздың орындалуына, бақыт пен сәттілік тілеймін!



Пайдалы сілтемелер