Меню KDT

Колледж 2018-2019 оқу жылына «Тамақтандыруы ұйымдастыру», «Туризм», «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану»,  «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша талапкерлерді қабылдайды    

Қалалық педагогикалық сайыс

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, «Оқу- тәрбие процесіне «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын енгізу жолдары» тақырыбында қашықтықтан өткен қалалық педагогикалық сайыстағы үздік жұмысы үшін    ІІІ дәрежелі дипломмен     марапатталған  Негметжанова Нургуль Зейнуллиновна мен Усманова Гулжан Камбаровнаны құттықтаймыз!




Жеңіспен құттықтаймыз!

 2014 жылдың 2 қазанында ЕАГИ колледжінде Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің «Туризм» мамандығы бойынша студенттерінің арасында «Туризм және Мен» атты жылдағы дәстүрлі қалалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.  Байқауға Д.А.Қонаев атындағы университеті колледжінің, ЕАГИ колледжінің, Политехникалық колледждің, ҚазҰТБ университеті колледжінің, Астана қ. әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» студенттері қатысты.
«Оқжетпес» атты біздің команданың құрамына 1-3 курс студенттері кірді: Болкунец Анастасия (МТр-2тобы), Мурзабеков Данияр (ТАк-2 тобы), Мухитов Артур (ТАр-1тобы ақылы), Стенькина Виктория (ТАр-1 тобы ақылы), Кузембаева Диана (ТАк-3 тобы). Команда капитаны Болкунец Анастасия болды.
Байқау келесі кезеңдерден тұрды: команданың таныстырылуы, үй тапсырмасы «Саяхат әзірлемесі» және туризмнің белсенді түрлері бойынша жарыс. Әділқазылар, көрермендер және қатысушылар үшін «Астан – ЭКСПО қаласы, үлкен мүмкіндіктер қаласы» атты саяхат бейнесі байқауы өтте қызықты кезеңдердің бірі болды. Байқау қатысушыларына «болашақтың қаласы» бойынша саяхат өткізудің түрлері берілді.
Байқаудың тапсырмаларын Қазақстан туристік ассоциациясы, «Жас туристер бекеті» ММ, «Арман-тур» туристік фирмасы және Астана қ. белсенді туризм мен демалыс орталығы өкілдерінен тұрған құзырлы әділқазылар бағалады.
Байқаудың үш кезеңінің нәтижелері бойынша біздің колледж студенттері жеңіске ие болды. «Оқжетпес» командасы жеке сынақта байқаудың гран-при жүлдесіне ие болып, «Жас туристер бекеті» ММ директоры, әділқазылар төрағасы М.К.Абенов диплом табыстады.


Байқауларға қатысу

27.09.2013 ж.  -  Колледждің жас туристер «Окжетпес» командасы «Жас турист» қалалық кәсіби байқауына қатысып,  ІІІ орынды иеленді.

                                    
03.12.2013 ж.
АҚ «ӨРЛЕУ» РҒӘО «Тәуелсісдік жолында. Тарихы. Бүгінгі жағдайы мен болашағы»  тақырыбындағы стендтік баяндамалар байқауына оқытушылар Искакова А.А., Айсариева П.А., Хасенова А.Б. белсене қатысып, сертификаттарға ие болды.


03.12.2013 ж.
«Үздік сабақ» «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориялдық кешенінде өткен Қалалық байқауға қатысқан  оқытушы Искакова А.А. 2 орынға иеленген және оқытушы Абдураимова Р.А. "Үздік ұстаз" номинациясында сертификатпен  марапатталды.

                                    
12.12.2013 ж.
Басқару колледжінде «Білімді ұрпак–білікті маман» атты  қалалық  ғылыми – тәжірибелік конференцияға қатысып,  студент Нургалиева Айым  (ғылыми жетекшісі Абельдинова Д.К.) ІІІ-ші дәрежелі  Дипломмен марапатталды.  

                                        

29.12. 2013 ж
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында өткізілген қалалық мультимедиялық бағдарламалар байқауына қатысып, ТБқ-2 тобының білім алушылары Батыр Жандос ІІІ-ші дәрежелі Дипломмен және Орынбек Ақжол «Үздік презентация» номинациясында сертификатпен марапатталды, ғылыми жетекшілері Абдураимова Р.А.
                                         
12.02.2014 ж.
Қалалық  байқау «Арнайы пән оқытушысының үздік портфолиосы» Арнайы  пәндер оқытушылары, сертификаттар:

  1. Касенова Г.С.
  2. Абдураимова Р.А.
  3. Солодилова А.П.

                                       


 26.02.2014 ж.
«Жасыл экономика» тақырыбында өткен макет-жоба көрмесі, сертификат. Арнайы  пәндер оқытушысы Солодилова А. П. және білім алушы  Дубицкий Алексей,  сертификат


26-27 ақпан 2014 ж
Колледждер арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Олимпиадаға қатысып,  Төлегенов Мейрам мен Атығай Алмас (ғылыми жетекшілері Бейсембина Р.Н.), биология пәнінен  ІІ және ІІІ-ші дәрежелі Дипломдарға ие болды.
                                  


16.04.2014 ж.
«Автомеханик» қалалық кәсіби шеберлік байқауы Кәсіби-техникалық колледж. 
1. ғылыми жетекшісі Жумажанов Т.Д., студент Гибадуллин Г.Г.,  сертификат


06.05.  2014 ж.
 «Астана жастары-елордамыздың мақтанышы» видео фильмдер байқауы, «Жастар және ғылым. Иновация. Ой. Ізденіс.» тақырыбында студенттер арасында ХІІ қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция Гуманитарлық колледж. 

Арнайы пәндер оқытушылары:
1. ғылыми жетекші  Хайса Ү.,         студент Толепбергенов Алишер - 3 орын 
2. ғылыми жетекші  Мухатов З. К., студент Керимжанов Бекет сертификат



2013-2014 оқу жылында колледждің "Айналайын" командасы КВН лигасына қатысып 37 команданың ішінен 4 орынды иеленді, 7 адам алғыс хаттармен марапатталды.

2014 жылдың 1 сәуірінде Әлемдік күлкі күніне арналған ТжКББ студенттері арасында өткен ойында бас жүлдеге ие болды,  7 адам, ББ кубогы,   1 деңгейдегі диплом.

Пайдалы сілтемелер